«Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі ұйымдастырылды

«Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі  ұйымдастырылды

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен спорт күніне орай арбат алаңында қала тұрғындарына «Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – оқырмандардың спортқа қызығушылығын арттыру, денсаулықты нығайтуға, белсенді өмір сүруге ынталандыру, спорт арқылы табандылық пен жігерлілікті қалыптастыру.

Көрмеге әртүрлі спорт түрлері, олимпиада және әлем чемпиондары, ұлттық спорт ойындары мен олардың тарихы туралы кітаптар қойылды. Сонымен бірге атақты спортшылардың өмірбаяндары, жетістіктері, жаттығу мен жарысқа дайындалу жөніндегі еңбектер қойылып, библиографиялық  шолу жасалды.