Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретіназаматтарға арналған бөлімінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, аудармашысы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Жұмекен Нәжімеденовтің әдебиеттегі орны мен рөлі» атты ақпараттық сағат өтті.
Іс-шара барысында бөлім меңгерушісі Таукебаева Гаухар оқырмандарға Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет берді. Сондай-ақ ақынның әдеби мұрасын насихаттау мақсатында арнайы кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар назарына Жұмекен Нәжімединовтің өлең жинақтары, поэмалары, прозалық шығармалары мен ол туралы жазылған зерттеу еңбектері ұсынылды.
Шара барысында оқырмандар ақынның терең мазмұнды, сыршыл да шыншыл шығармаларымен қайта қауышып, оның поэзиясындағы ұлттық рух пен өмірлік философияға терең бойлады. Кітап көрмесі арқылы Жұмекен Нәжімединовтің бұрын-соңды оқымаған туындыларымен танысып, шығармашылық әлеміне деген қызығушылықтары арта түсті. Көпшілік оқырман шарадан рухани әсер алып, ақын мұрасының маңыздылығын ерекше атап өтті.