Жетісу облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында мәдениет қызметкерлерімен кездесу өтті
Іс-шараның басты мақсаты — дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттап, қоғамда тұрақтылық пен рухани келісімді нығайту.
Шара барысында дәстүрлі діннің ерекшеліктері мен ұлттық салт-дәстүрлердің рухани мәні кеңінен талқыланды. Кітапхана қызметкерлері — ақпаратты кең тарататын сала мамандары ретінде — қоғаммен тығыз жұмыс істейтіндіктен, олардың діни сауаттылығын арттыру маңызды бағыттардың бірі болып саналады.
Іс-шара сұрақ-жауап, пікір алмасу форматында жалғасып, қатысушылар дін мен дәстүр жайлы көзқарастарын ортаға салды. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылып, тақырыпқа қатысты кітаптар ұсынылды.
«Дін мен дәстүр – ұлттың қос қанаты. Оларды қатар ұстағанда ғана қоғамдық келісім мен рухани тұтастық сақталады», – деді ұйымдастырушылар.
Кездесу қорытындысында кітапхана қызметкерлеріне дін саласына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылды. Іс-шара рухани ағарту мен деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруда маңызды қадам болды.