Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Астана күніне орай «Астана – бейбітшілік бесігі» және Домбыра күніне орай «Домбыра- асыл қазына» кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған іс шараға Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Бершінбеков Рүстем Сағындықұлы қатысты. Көрмеге Сабырова Әлия «Ежелгі дәуір қазақ музыкасы», Сахарбаева Кариман «Дәстүр – күй, дәстүр – даму», Затаевич Александр «500 песен и кюев казахского народа», «Егемен Қазақстан тарихы:Тәуелсіздікке 20 жыл» Тарихи – құжаттық зерттеу, Садуақас Қазиұлы «Астана аймағы» атты кітаптары және тағы да басқа әдебиеттер қойылып оқырман назарына ұсынылды.