Ұлттық домбыра күніне орай, Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Тарих тұнған қос ішек" атты көрме құрылды. Көрмеге қазақ жұртына аты мәлім белгілі ақын Бақтыбай Жолбарысұлы, Қуат Терібаев, Темірғали Рүстембеков, Кәкімжан Қазыбаев, Қанипа Бұғыбаева, Құдаш Мұқашев, Әсімхан Қосбасаров пен күйші Малгаждар Әубәкіровтың ұстаған домбыралары қойылды. Көрмені Талдықорған қалалық орта-мектеп жанынан құрылған жазғы лагерь балалары тамашалады.