Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне арналған «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты ісшара өтті

Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне арналған «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты ісшара өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «26 маусым – Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес» күніне арналған «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты видеоақпараты өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, жастарды нашақорлықтың зиянды әсерінен сақтандыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Шара барысында «Ең қауіпті 10 улы наркотик» атты бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға әртүрлі есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны туралы нақты деректер ұсынылды. Сонымен қатар, «Нашақорлық – ғасыр дерті»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Қатысушылар нашақорлықтың медициналық, әлеуметтік және құқықтық салдары жайында құнды әдебиеттермен танысты.

 «Талдықорған қалалық емханасының әлеуметтік бөлімінің жұмысын ұйымдастырушысы» Алина Шарипбаева «Психотропты заттар» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі қанағаттанарлық жауап берді. Ол өз сөзінде психобелсенді заттардың адам денсаулығына әсері мен олардан сақтану жолдарын кеңінен түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар нашақорлықпен күресте мұндай кездесулердің маңызын атап өтіп, осындай форматтағы шаралар жастардың дұрыс таңдау жасауына жол ашатынын жеткізді.