500 жуық балаларға музей бойынша тегін экскурсия жүргізілді

500 жуық балаларға музей бойынша тегін экскурсия жүргізілді

Бүгін Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне Талдықорған қаласының әр мектебінен, сондай-ақ Ақсу, Кербұлақ, Сарқан, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласынан арнайы келген 500 оқушыға музей залдары бойынша тегін экскурсия ұйымдастырылды. «Жетісу табиғаты», «Археология», «Этнография», «Кеңес дәуірі» және «Ерлік пен Даңқ» залдарын аралап, өткен күннің куәсі саналатын жәдігерлер таныстырылып, туған өлкенің тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениеті, әр дәуірдің маңызды оқиғалары туралы баяндалды. Бұл бастама жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.