Кітапханадағы жазғы демалыс

Кітапханадағы жазғы демалыс

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз»   атты айлық шарамыз жалғасуда.

 Бүгін қаламыздың Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының жанындағы жазғы демалыс лагерінің 3-4 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.