Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты мерейтойлық көрменің ашылу салтанаты өтті

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты мерейтойлық көрменің ашылу салтанаты өтті

Ұлттық музейде ғалым, ағартушы, саяхатшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты мерейтойлық көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрме Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Ш.Уәлиханов атындағы Алтынемел мемориалдық музейі, Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің бірлесуімен ұйымдастырылды.

«Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге тарих және филология саласының ғалымдары, өлкетанушылар, музей мамандары мен қонақтар қатысты. Көрме 12 шілдеге дейін жалғасын табады.