Талдықорған қаласындағы Жастар саябағында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының III маусымының жабылуына арналған ерекше концерт өтті. «Big Band» эстрада-үрлемелі аспаптар оркестрі 1990–2000 жылдардағы отандық және шетелдік танымал хит әндерді жанды дауыста орындады. Филармонияның ең жарқын ұжымдарының бірі үрлемелі аспаптар оркестрі біздің облыста толық ұжымды, репертуарға бай, өзіндік даңқты дәстүрі бар ұжым.
Концерт алғашқы дыбыстардан-ақ көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт барысында келесі әндер орындалды:
- «Знаешь ли ты»
- «Жаулап алды махаббат»
- «Тамшылар»
- «Перекрёсток»
- «Мадонна»
- «Тополинный пух»
- «Кукушка»
- «Өкінбе сен»
- «Ханшайым»
- «Фантазёр»
Бұл әндер көрермендерге ерекше әсер қалдырып, сол жылдардың естеліктерін жаңғыртты.
Кешке келген Талдықорған тұрғындары мен қала қонақтары оркестрдің кәсіби шеберлігіне тәнті болып, орындалған әндерге бірге қосылып, шын жүректен қол соқты. Кештің атмосферасы жылы әрі достық көңіл күйде өтті.