Музейде "Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат" атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Музейде "Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат" атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Жеңістің 80 жылдығына орай,  Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі музей шоғырланбаған аймақтарда жылжымалы көрме ұйымдастыру мақсатында Көксу ауданы, Балпық би кенті, Б.Құндақбаева атындағы орта мектеп жанындағы жазғы лагерь балаларына «Ұмытылмас ерлік – ұрпаққа аманат» атты жылжымалы көрме құрды. Балалар Кеңес дәуірі мен Екінші Дүниежүзілік соғысы кезеңіне қатысты тың мәліметтермен танысып, жәдігерлерді қызығушылықпен тамашалады.