Жетісу өңірінің жас таланттары

Жетісу өңірінің жас таланттары

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының жанынан 2002 жылдан бастап “Жас таланттар” (“Юные таланты”) би тобы жұмыс жасауда. Ансамблдің көркемдік жетекшісі Архитко Наталья Андреевна. Ұжымның оқушылармен жұмысының негізгі мақсаты шығармашылық тұлғаны (адам баласына берілген мүмкіндіктерді байыту ретіндегі шығармашылық ойлау және шығармашылық белсенділік) дамыту, олардың жаратылыстың табиғи қозғалысын тану арқылы әсемдікке, деген сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың материалдарды игеруі және меңгеруі негізінде олардың білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын қалыптастыру.

Бұл үйірмеде үш топқа бөлінген жалпы саны 69 бала қатысып, дәріс алуда. Балалардың жас мөлшері  4-6 жастағы – 10 бала, 6-8 жастағы – 12 бала, 9-11 жастағы – 15, 12-13 жас 15 бала, барлығы 52 бала.

Жұмыс істеген жылдар бойы өздерінің оқу бағдарламасы қалыптасты. Хореографиялық ұжымның тиімді жұмыс істеуі және шығармашылық жоғары жетістіктерге жетуі үшін сабақ өткізудің нысандары пайдаланылады: топтық нысан, ұжымдық нысан , жеке нысан.

“Жас таланттар” бишілер тобы көптеген облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, ат салысып тұрады. Соның қорытындысы ретінде жыл сайын ЕСЕПТІ КОНЦЕРТ өткізеді. Биыл 4 маусым күні толы зал қошеметіне бөленген балалар сахнаға өз өнерлерін паш етіп көрсетті.