
Биылғы оқу жылы аяқталғаннан кейін, балаларға арналған жазғы лагерлер өз жұмысын бастады. Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне №1 Абай атындағы мектеп-гимназиясынан 70 оқушы келді. Оқушыларға тұрақты негізде музей залдары бойынша экскурсиялар жүргізіледі.