
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қала қонақтары, сіздерді 29 қаңтар күні Бикен Римова атындағы Академиялық драма театрында Сұлтан Сраиловтың «Мұқағали» моноспектаклінің премьерасын көруге шақырамыз!
Қойылымның режиссері – Ұлан Ахметов, Сафуан Рысбайұлы, композитор – Тұрсынжан Шапай.
Моноспектакль – Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері мен поэмалары арқылы ақынмен сырласуға шақыратын эксперименттік жоба. Сахнада жалғыз кейіпкер ақынның жан айқайын, махаббат пен мұңға толы әлемін, өмір мен уақыт жайлы терең толғанысын поэзия тілімен өрнектейді. Сөз, үнсіздік, қимыл мен эмоция үйлескен қойылым көрерменді Мұқағалидың рухани кеңістігіне жетелейді. Бұл – өлеңмен өрілген сыр, жүректен жүрекке жол тартқан поэтикалық диалог.
Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар!