Меню
Страницы

«Хақ жолы» әлеуметтік драма

«Хақ жолы» әлеуметтік драма

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, сіздерді  7 қараша күні Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында А.Ихсанның «Хақ жолы» әлеуметтік драмасын көруге шақырамыз!  Қойылымның қоюшы-режиссері ҚР Еңбек Сіңірген қайраткері Б.Ұзақов, қоюшы-суретші: ҚР Мәдениет саласының үздігі Қ.Шалабаева.

Әлеуметтік драмада бүгінгі күні біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті болып тұрған теріс діни ағымдар мәселесі көтеріледі. Автор шығармада бір-біріне мүлде қарама-қайшы екі көзқарас арасындағы тартысты басты назарға ала отырып, қарапайым қазақ отбасындағы оқиға арқылы жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кетуін көрсетеді. Теріс ағымның тұрмысымызға дендеп еніп, қоғамдық дертке айналып келе жатқандығын өткір сынға алған.

Белгілі драматург А. Ихсанның «Хақ жолы» спектаклі Қазақстан Республикасында діни экстремизмге қарсы күрес тақырыбына арналған алғашқы шығармалардың бірі. Қойылымның басты мақсаты – жастарды дұрыс жолдан адастырмай, әрбір аттаған қадамдарына жауапкершілікпен қарауға, азғындықтан аулақ болуға үйрету.

Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар!

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты