Меню
Страницы

«Таптым-ау сені» /лирикалық драма/

«Таптым-ау сені» /лирикалық драма/

Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қала қонақтары, Сіздерді  26-27 қыркүйек  күндері  Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына Ә.Байболдың шығармасымен сахналатын «Таптым-ау сені» лирикалық драмасын тамашалуға шақырамыз!

Қоюшы-режиссер – Рамазан Үсен. Балетмейстер – Айжан Құнанбаева.

Әлемдік театр алаңдарында көрерменмен байланыс формасы ретінде тәжірибе жасайтын қойылымдар көп. Соның бірі  –  иммерсивті қойылым. Мұнда көрермендер сахналанып жатқан қойылымды әртістермен бірге жүріп барынша сезінеді. Сюжет линиясын бір локациядан екіншісіне өтіп, кейде болып жатқан оқиғаға өзі де әсер ете алады. Бұл көрерменді қойылым әлеміне толығымен тартуға негізделген. «Таптым-ау» сені қойылымы дәл осы сезімді көрермендерге сезінуге мүмкіндік береді.

Іңкәр сезімнің иелері  Бану  мен Асқардың қызықты оқиғаларға құралған, жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы махаббат хикаясын тамашалауға шақырамыз! Кеш келген бақыттың әсерлі хикаяларымен бөлісетін бұл шығармада кейіпкерлердің тағдырларына жазылған өзіндік өмірлік оқиғалары бар...  Барлық театр сүйер қауымды лирикалық драманың куәсі болуға шақырамыз!

 Билеттерді Ticketon.kz сайтында және театрдың кассасынан (87773948815) ала аласыздар!  

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты