Ескерткіштер
Жетісу облысының аумағында 1 163 тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан. 883 - археология ескерткіштері, 236 - қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, 44 – киелі нысандар. Оның ішінде: 1 ескерткіш ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра объектілерінің тізіміне, 6 ескерткіш Республикалық маңызы бар объектілердің тізіміне енгізілді.
2022 жылы Жетісу облысы Ақсу ауданындағы "Пазырық мәдениеті" ескерткіштеріне археологиялық зерттеулер жүргізілді. Сондай-ақ, Кербұлақ ауданында орналасқан 60 археологиялық ескерткіштерге күзет тақталары орнатылды.
Кітапханалар
Жетісу облысының аумағында 147 кітапхана, жұмыс істейді.
Кітапханалар желісі: облыстық – 1, орталық-қалалық – 6, аудандық – 8, орталық балалар – 8, ауылдық -124.
Облыс кітапханасының стратегиялық басымдықтары:
қорларды жинақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
сапалы кітапханалық- ақпараттық қызмет көрсету, оқырман сұранысын үнемі зерделеу;
жаңа ақпарттық технологияларды дамыту және енгізу;
республикалық және халықаралық ақпараттық – кітапханалық жобаларға қатысу;
Кітап қорында 2,7 млн. астам сақтау бірлігі бар. Оқырмандардың жыл сайынғы қатысуы 1,8 мыңнан асады, кітап беру- шамамен 3,8 млн. Мәдени іс-шаралар саны 11958, қамтылғандар саны – 466 979. Облыс бойынша сирек қор – 119 дана, о.і.орталық кітапханада – 65 дана.
Сонымен қатар, барлығы 22 коворкинг орталықтар және 85 клубтар жұмыс істейді. Онда әдеби кештер, ойындар және жастарды оқуға деген сүйіспеншілікті арттыратын және сәндік қолданбалы өнерге үйрететін басқа да іс – шаралар өткізіледі.
Музейлер ісі
Жетісу облысында «Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі» МКҚК (1974 жылы құрылған) және оның тарихи-өлкетану, сәулет-көркемөнер, әдеби, мемориалды бағыттарға негізделген 11 филиалы халыққа мәдени қызмет көрсетуде.
Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі музейі мен оның филиалдарында және Көркемөнер галерея қорында 48 246 экспонат сақтаулы.
Жалпы облыс музейлерінде және галереяларда бүгінгі күнге 98 мәдени шара, 1691 экскурсия өткізіліп, 185 дәріс оқылып, 175 көрме ұйымдастырылды.
Музей ісінің негізгі бағыттары – музейлік мұраларды (экспонаттарды) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (реставрация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату және музейдің кадрлық жүйесін жетілдірумен айналысу. Сонымен қатар, музей бейініне сай түрлі форматтағы: ғылыми конференциялар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық экскурсиялар, көрмелер мен мәдени шаралар ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 111 "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметті алу үшін Сіз "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгіне аласыз. www.mks.gov.kz, www.elicense.kz сондай-ақ, сіз тиісті мемлекеттік органдарға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгіне аласыз.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 «Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметті алу үшін Сіз "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгіне аласыз. www.egov.kz сондай-ақ, сіз тиісті мемлекеттік органдарға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгіне аласыз.