
Алпысбаев Али Демегенович родился 28 апреля 1956 года в селе Елтай Ескельдинского района Талдыкорганской области.
Трудовую деятельность начал с искусства, учился в Шымкентском институте педагогической культуры им. Аль-Фараби, а также государственной консерватории имени Курмангазы г. Алматы.по классу дирижера оркестра.
Еңбек жолын 1979 жылы Сарқант қаласындағы мәдени ағарту училищесінде бастай отырып, мұғалім маман ретінде жастарды өнерге баулып, халық аспаптар оркестрінің дирижері болды. 1983 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы музыкалық мектепте, Қ.Байсейітов атындағы музыкалық училищесінде және І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институтында ән және музыка факультетінде дәріс берді.
Екі облыс қосылып орталығы Алматы облысына ауысқан шақта қалалық әкімдіктің шақыруымен «М.Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі» аймақтық филармониясының бас дирижері қызметіне тағайындалды.
Қазіргі таңда Жетісу облысының І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының директоры қызметін және де Дәнеш Рақышевтің атындағы Жетісу облыстық филармониясының М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері міндетін атқаруда.
Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі», Жетісу Мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры», «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесімін және тағы да басқа мерекелік медальдарімен марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», Алматы облысы әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Қазақ халқының өнерін тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде көрсетіп, үлкен құрмет пен алғысқа ие болды. Қазақ өнерін дамытуда еліміздің үлкен концерт залдарында Алматы, Астана және оңтүстік Корея, Түркияның Анталия қаласында, Болгария Республикасының София қаласында, «Таланты мира» қорының шақыруыменен Москва қаласындағы Светланов» атындағы Халықаралық музыка залында, АҚШ мемлекеті Алабама штатының Олбани қаласында симфониялық оркестрімен өнер көрсетті. Алматы облысының мәдениет күндері аясында Ташкент қаласында өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Елге арнау» күй-поэма бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік Грант иегері атанды. Республикалық «Елім менің» конкурсының бірнеше дүркін лауреаты. Ал, 2015 жылы VI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған конкурста «Орбұлақ таңы» атты симфониялық күй поэмаммен Республикалық конкурстың Гран-приін жеңіп алды. Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді, сонымен қатар Көксу ауданы және Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы» атағын ие болған.
2018 жылы І Республикалық «Елге арнау» атты жаңа өнер туындыларына арналған композиторлар байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
2018 жылы Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған конкурста Мұқали Баһадүр шығармасымен І орын иегері болды.
2019 жылы «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының Алғыс хатымен марапатталды.
2019 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы РММ Ғылыми кеңесінің шешімімен «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры атағымен марапатталды.