Мемлекеттік қызметші

Мемлекеттік қызметші

Мемлекеттік қызметші - халық пен мемлекеттің арасындағы сенімді байланысты қалыптастыратын маңызды тұлға. Сондықтан олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу - әр азаматтың мәдениеті мен адамгершілігінің көрсеткіші.

Қоғамда мемлекеттік қызметшілерге қатысты кемсітушілікке, қорлауға, әдепсіз сөздер мен ар-намысқа қолсұғушылықтың кез келген түріне жол берілмеуі тиіс. Өзара сыйластық пен этикалық қарым-қатынас - әділетті әрі өркениетті қоғамның басты құндылықтарының бірі.

Әрбір азаматтың абыройы қорғалуға лайық. Құрмет пен жауапкершілік бар жерде сенім де, тұрақтылық та нығая түседі.