Жуырда Мемлекет басшысының тапмырмасын іске асыру аясында Жетісу облысы бойынша “J-League” жобасы бастау алған.
2025 жылдың 17 мамыр күні жоба аясында 2012-2013 жылдар аралығындағы оқушылар арасында футболдан ақтық кезеңі өтті.
Спорттық жарысқа аудан бойынша 5 команда, 70-ке жуық спортшылар қатысып, бақ сынасты.
Жарыс нәтижесі бойынша, 1 орынды С.Иманасов ОМ, 2 орынды Қайнар ОМ және 3 орынды Көлбай ОМ иеленіп, жеңімпаз атанды.
Айта кетерлігі, “J-League” жобасы аясында аудан бойынша футбол, баскетбол, волейбол спорт түрлерінен жарыстар өтуде. Жеңімпаз атанған команда облыстық кезеңге жолдама алатын болады.