Григорий Михеевич Безродных – ерлік пен жанқиярлықтың символы

Григорий Михеевич Безродных – ерлік пен жанқиярлықтың символы

Григорий Михеевич Безродных – ерлік пен жанқиярлықтың символы

Ұлы Отан соғысы – тарих қойнауындағы ең қасіретті де, ең қаһармандықпен жазылған беттердің бірі. Сол жылдары миллиондаған жауынгерлер майдан шебінде жанын шүберекке түйіп, Отанын қорғады. Солардың қатарында Алакөл ауданынан майданға аттанған Григорий Михеевич Безродных та бар еді.

1909 жылы 24 ақпанда Воронеж губерниясының Урыв ауылында дүниеге келген Григорий Михеевич кейіннен Қазақстанға, Алакөл ауданына көшіп келіп, қолөнерші, ұста (кузнец) ретінде еңбек етті. Жауынгердің тағдыры мыңдаған қарапайым еңбек адамының тағдырына ұқсас еді: соғыс өрті тұтанғанда ол да үнсіз өз борышын атқаруға аттанды.

1941 жылдың шілдесінде Қызыл Армия қатарына шақырылып, атақты 316-атқыштар дивизиясының 1075-полкіне қосылды. Бұл бөлім кейіннен генерал-майор Иван Панфиловтың есімімен аталып, Кеңес Одағының даңқты әскери құрылымдарының бірі ретінде тарихта қалды.

1941 жылдың қараша айында Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезі маңында фашистерге қарсы кескілескен ұрыста Григорий Безродных 28 панфиловшының қатарында ерекше ерлік көрсетті. Сол шайқаста ол жаудың шабуылына қарсы тұрып, ауыр техниканың өтуіне жол бермеді. Бұл ұрыс – Кеңес халқының рухын көтеріп, жауынгерлердің батылдығын паш еткен тарихи сәттердің бірі болды.

Ол 1941 жылдың 16 қарашасында шайқас алаңында қаза тауып, өз есімін мәңгілік батырлар қатарына жаздырды.

Григорий Безродныхтың есімі Ұлы Отан соғысы тарихында алтын әріптермен жазылды. Ол 1942 жылдың 21 шілдесінде қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Оның денесі Мәскеу облысы, Волоколам ауданы, Нелидово ауылындағы бауырластар зиратына жерленді.

Бүгінде оның ерлігі туралы мектеп оқулықтарында жазылып, ескерткіштерде, көше атауларында аты аталып, құрметпен еске алудамыз.

«Қазақша история» патриоттық челленджі аясында Григорий Михеевичтің өмір жолын жас ұрпаққа жеткізу – тек құрмет емес, ұлт алдындағы борыш. Біз ерлік туралы тек мереке күндері ғана емес, күнделікті есте ұстауымыз керек. Себебі осындай жанқиярлықтың арқасында бүгінгі бейбіт күн туып отыр.

Григорий Михеевич Безродных – уақытпен өлшенбейтін ерліктің мәңгі символы.