Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
 
Биыл Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің дәстүрлі түрде тойланып келе жатқанына 29 жыл.
 
Осы орайда, Үшарал қаласы, орталық Д.Қонаев атындағы орталық алаңда 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті. 
 
Шараға аудан тұрғындары мен ардагерлер, жастар және ауданымыздағы түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қатысты.
 
Мерекелік шарада аудан тұрғындарына аудандық орталық кітапхананың “Татулық пен тұрақтылықты тұмар еткен Қазақстан” атты кітап көрмесі, этномәдени орталықтар мен білім беру ұйымдарының қолөнер көрмелері халық назарына ұсынылды. 
 
Достық пен татулық насихатталған салтанатты жиында аудан әкімі А.Абдинов барша аудан тұрғындарына жылы лебізін жеткізе отырып, елімізге береке-бірлік, әр шаңыраққа құт-береке мен амандық тіледі.
 
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлеуметтік тұрақтылықты насихаттауға, конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар өзге ұлт азаматтарына Құрмет грамотасы мен алғыс хат табыстады. 
 
Ел бірлігін, ұлттар достығын паш еткен мереке “Saiko stars” би орталығы оқушыларының “Қара жорға” ұлттық биі және аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.