🔹Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды мемлекеттік қызметші күніне арналған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады.
🔹Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болып табылады.
🔹Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменттіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызмет туралы презентация немесе бейнеролик.
🔹Құжаттарды қабылдау 05.05 - 15.05.2025ж. бастап жүзеге асырылады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7282) 24-13-12 / 8 (7282) 24-11-91