Алакөл ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті

Алакөл ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті

Алакөл ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына орай «Шолақ» шекара бөлімшесінің аумағында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақыру және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру. Іс-шараға шекара қызметінің жеке құрамы мен ардагерлер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының өкілдері белсене қатысты.
Акция аясында бөлімше аумағына түрлі жеміс ағаштары мен көлеңкелі көшеттер отырғызылып, жасыл желекке айналатын аумақ қалыптастырылды.
Осындай бастамалар шекарашылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, қызметке деген жауапкершілігін және табиғатты аялау мәдениетін айқын көрсетеді.