18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай аудан аумағында бірқатар танымдық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай аудан аумағында бірқатар танымдық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай аудан аумағында бірқатар танымдық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мәдени мұраны сақтау мен насихаттау мақсатында өткізілген бұл шараларға мектеп оқушылары, мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері, өлкетанушылар мен қоғам белсенділері белсене қатысты. 

Іс-шаралар барысында:
Тарихи ескерткіштер мен мемориалдық кешендерге экскурсиялар ұйымдастырылып, олардың тарихы мен маңызы туралы ақпараттар берілді.
«Біздің тарихымыз – ескерткіштерде» тақырыбында танымдық сағаттар өткізіліп, оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығы арттырылды.
Ескерткіштер маңында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны қорғау мен тарихи орындарды сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Өлкетанушылар мен тарихшылардың қатысуымен дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылып, жастарға тарихи мұраның маңыздылығы түсіндірілді.

Аталған іс-шаралар жастардың тарихи сана-сезімін қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға және мәдени мұраны сақтауға бағытталған маңызды қадам.