Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Қабаевтың төрағалығымен «Алакөл ауданының Алакөл көлінің қоршау бөгетін салу жобасын іске асыру шеңберінде кейбір меншік иелерінен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою жөнінде шаралар қабылдау» бойынша жиын өтті.
Жиынға көл жағалауындағы 1 сызықта орналасқан туристтік нысандардың, жер иелері және жауапты бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Кездесудің күн тәртібінде ауданда іске асырылатын және жоспарланған инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, онлайн форматта Жетісу облысының құрылыс басқармасының басшысының орынбасары С.Қалдыбек және «ТЕКА Проект» ЖШС-гі бас инженер жобалаушысы Б.Ниханбаев Алакөл көлінің қоршау бөгетін салу жобасын іске асыру шеңберінде кейбір меншік иелерінен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою жөнінде шаралар қабылдау туралы презентация ұсынып, таныстырып өтті.
Бұл жоба Алакөл көлінің жағалауындағы инфрақұрылымды дамытуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.