ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ КӨТЕРІЛДІ
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Осыған орай, бүгін Үшарал қаласы, орталық «Данқ» аллеясында Республика бойынша бір мезетте Мемлекеттік Гимн орындалып, 30 метрлік ҚР Мемлекеттік туы биікке көтерілді.