ТУ ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛДЫ

ТУ ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛДЫ
ТУ ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛДЫ
 
Мемлекеттік рәміз – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын, мемлекетіміздің өткені мен бүгіні, болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі.
 
Осыған орай, Алакөл ауданы, Екпінді ауылында биіктігі 20 метрлік Мемлекеттік Ту тұғыры орнатылды.
 
Ту тұғырының Екпінді ауылының төрінде асқақтап тұруына жағдай жасаған 2004 жылы М. Әубәкіров атындағы орта мектебінен 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектері, ауыл азаматтары өз қаражаттарына орнатқан.
 
Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының бірі – мемлекеттік туды көтеру құрметі ауыл ақсақалдары Б. Қапсалямов, Қ. Мұқашев және түлектердің атынан А. Ораловқа беріліп, мемлекеттік гимн ойналып, ту тұғыры биікке көтерілді.
 
«Ту тұғырының ашылу» салтанатында Екпінді ауылдық округінің әкімі Ә. Қыстаубаев алғы сөз алып, 20 жыл бұрынғы мектеп түлектеріне өз алғысын жаудырды. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Б. Айтахметов құттықтау лебізін жеткізіп, көк байрағымыз аспанда мәңге желбірей беруіне тілек білдірді. Сондай-ақ, 2004 жылғы М. Әубәкіров атындағы орта мектебінің директоры М. Мәдібаев пен ауыл ақсақалы Б. Қапсалямов та мемлекеттік рәміздердің құндылықтарына тоқталып, мектеп түлектерінің игі істеріне өз қуаныштарын жеткізді.
 
1986 жылы туған, М. Әубәкіров атындағы орта мектебінің 2004 жылы түлектері Д. Серғалиев пен Ж. Байбулатова мектеп бітірулерімен құттықтай отырып, Ту тұғырының орнатылуына септігін тигізген Екпінді ауылдық округінің әкімі Ә. Қыстаубаев, 2004 жылғы М. Әубәкіров атындағы орта мектебінің директоры М. Мәдібаев және Қ. Баяділовке қазақтың ұлттық киімі шапан жауып, Екпінді ауылдық мешітінің дәріс алушыларына дәстүр бойынша діни кітаптар тарту етті. Мешіт имамы түлектерге өз ризашылығын айтып, Ту тұғыры орнатылған аумаққа шырша ағашын отырғызып беруге уәде берді.