АУДАН ӘКІМІ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫН АРАЛАП ҚАЙТТЫ

АУДАН ӘКІМІ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫН АРАЛАП ҚАЙТТЫ
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫН АРАЛАП ҚАЙТТЫ
 
Бүгін аудан әкімі А. Абдинов Үшарал қаласында орналасқан саябақтар мен аллеяларды аралады. 
 
Жұмыс барысыннда алдымен, қала ішіндегі М. Дулепов көшесінің бойындағы 3 га жерді алып жатқан аллеядан бастап, «Талапкер», «Астана» демалыс саябақтарының жағдайын көріп қайтты. 
 
Үшарал қаласының әкімдігі мемлекеттік тапсырыс негізінде қала аумағындағы саябақтар мен аллеяларды күтіп ұстау (қоқыстан тазарту, бүлінген орындарды қалпына келтіру, түнгі жарықтандыру және т.б.), аббаттандыру (гүл отырғызу, шөп шабу, суару, қураған көшттерді ауыстыру т.б.) жұмыстарын мердігер “AKA PROJECT” ЖШС -гі, “Абдрасулова” жеке кәсіпкерлігі атқаруы тиіс. Алайда аталған мердігерлер бүгінгі күнге дейін өздеріне тиесілі жұмыстарын атқармаған. Тапсырыс беруші Үшарал қаласының әкімдігі тарапынан келісім шартқа сәйкес тиісті жұмыстарды талап еткенімен мердігерлер жұмыс атқармаған. Аталған жағдайға байланысты аудан басшысы тікелей бақылауына алып мердігерлерге ескерту жасай отырып, нақты тапсырмалар берді.
 
Саябақтар мен аллеялардың жағдайына тұрғындардың наразылықтарын жиі тудыруда.
 
Атап айтсақ, М. Дулепов көшесінің бойындағы аллеясын күтіп ұстау, аббаттандыру жұмыстарына мердігер «AKA PROJECT» ЖШС-гіне аллея ішіне санитарлық тазалық, жасыл желектерді суғару, арам шөптерді шабу, гүл көшеттерін отырғызу және қарау, кіші жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары міндеттелген. 
 
Сондай-ақ, мердігер «AKA PROJECT» ЖШС-гі «Талапкер» демалыс саябағына да жауапты. 
 
Алайда, мердігер мекеме тарапынан аллеяның күтімі мен аббаттандару жұмыстарының жүргізілмегендіктен саябақ іші құлазып тұр. 
 
Аудан  басшысы мердігер мекеме тиісті жұмыстарды уақытылы орындамағаны үшін қатаң сын-ескертпелер айтып, кемшіліктерді жою үшін 3 күн уақыт берді. Аталған кемшіліктер 3 күннің ішінде жойылмаған жағдайда, заң шеңберінде мердігер мекемемен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданатын алға тартты.
 
Жалпы, саябақ келбетін дұрыстау және адамдардың алаңсыз демалуын, яғни сұранысын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастыру басты талап. Аудан әкімі А.Абдинов Үшарал қаласының әкімі М.Сайдильдиновке және мердігерге келісім шартқа сәйкес аллея мен саябақтың ішін ретке келтіру, күтіп ұстау жұмыстары бойынша нақты тапсырма берді.
 
Аудан басшысы қаланың халық көп шоғырланатын, әсем жерлерінің бірі «Астана» демалыс саябағына да барды. 
 
«Астана» демалыс саябағына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, жасыл желектерді суғару, арам шөптерді шабу, гүл көшеттерін отырғызу және қарау, кіші жөндеу жұмыстарына мердігер «Абдырасулова» жеке кәсіпкерлігі жауапты. 
 
Бүгінде, мердігер мекеме тарапынан саябақ ішін әктеп, сырлау, топырақтарды қопсытып, тыңайту, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде.
 
Келісімшартқа сәйкес жауапты мердігер мекемелер жыл соңы 31 желтоқсанға дейін аллеялар мен саябақ ішін күтіп ұстау, абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізеді.
 
Көпшілік отбасымен келіп демалатын саябақтарды заман талабына сай жаңарту және түрлі іс-шаралар өткізуге лайықты жағдай жасаудың маңыздылығы зор. Табиғатпен өзара байланыста болып, жасыл желекке деген қамқорлықты, табиғат тазалығын сақтауға деген жауапкершілікті сезінуде мәдени-демалыс орнының эстетикалық кейпі қашанда маңызды. Осыған орай, ақ Айдынды Алакөл өңірінің көрікті жерлері мен табиғатын, көпшілікке арналған демалыс орындарын қиратпай, таза әрі ұқыпты ұстауымыз қажет.