Әдеп жөніндегі уәкіл Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы Алакөл ауданына жұмыс жоспарына сәйкес іс сапармен келіп, бірнеше ауылдық округ қызметкерлерімен кездесу өткізді

Әдеп жөніндегі уәкіл Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы Алакөл ауданына жұмыс жоспарына сәйкес іс сапармен келіп, бірнеше ауылдық округ қызметкерлерімен кездесу өткізді

Үстіміздегі жылдың 18-19 сәуір күндері Жетісу облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы Алакөл ауданына жұмыс жоспарына сәйкес іс сапармен келіп, бірнеше ауылдық округ қызметкерлерімен кездесу өткізіп қайтты. Соның ішінде Көлбай ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесу барысында қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптың жоғары екендігін айта келе, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі», «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» талаптырын түсіндіріп, ақпарат берілді. Сонымен қатар қазіргі кезде қоғамның дерті болып саналатын сыбайлас жемқорлық, ақша жымқыру, пара беру, пара алу т.б орын алып отырған жағдайлардың алдын алуға байланысты арнайы тапсырыспен түсірілген мазмұнды, мағыналы видероликтер көрсетілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде қойылатын талаптары, мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті, әдеп стантарттары мен негізгі алты қағидаттар бойынша толыққанды ақпарат берді. Кездесу соңында еңбек заңнамасының сақталуы бойынша яғни жұмыс орнында қанша сағатқа дейін бөгелуі туралы сауалнама алынды.