ҚОРШАҒАН ОРТА ТАЗАЛЫҒЫ-БАСТЫ МІНДЕТ

ҚОРШАҒАН ОРТА ТАЗАЛЫҒЫ-БАСТЫ МІНДЕТ
ҚОРШАҒАН ОРТА ТАЗАЛЫҒЫ-БАСТЫ МІНДЕТ
 
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Туған жерімізді, туған қаламызды аялау, оны көздің қарашығындай қадірлеу ортақ іс. Күн жылып, көктем шығысымен Республикамызда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы бастау алды.
 
Осы орайда, бүгін аудан әкімі А. Абдинов бастаған Алакөл ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері “Киелі мекен” атты сенбілік жұмыстарына белсене ат салысуда.
 
Сенбілік жұмыстарына 2 арнайы техника жұмылдырылды. Қ. Бектұров пен Сыпатай батыр көшелерінің аралығындағы арық ішін тазалау жұмыстары жүргізіліп, 50 тонна қоқыс шығарылды.
 
Өткізіліп жатқан сенбілік жұмыстары-тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.
 
Баршаңызды сенбілік жұмыстарына белсене ат салысуға шақырамыз!