Достық - Алашаңқай халықаралық шекара өткелінде жаңа рекорд орнатылды

Достық - Алашаңқай халықаралық шекара өткелінде жаңа рекорд орнатылды

✅Достық - Алашаңқай халықаралық шекара өткелінде жаңа рекорд орнатылды: ағымдағы жылдың 28 наурызында Қытайға 21 пойыз берілді. Жалпы салмағы 40 мың тоннадан асатын 732 вагоннан тұратын кең табанды 20 пойыз және тар табанды бір құрам, жалпы салмағы 1,5 мың тоннаға жуық 50 вагон. Бұған дейін экспорттық қатынаста тәулік сайын 16 пойыз берілетін.

🎯Рекорд Қытай темір жолы, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС, Достық станциясы қызметкерлерінің, сондай-ақ Алматы өңірлік тасымалдау басқармасы мамандарының бірлескен күш-жігері мен еңбегінің арқасында қойылды.