50 ЖЫЛ ОТАСҚАН ЖҰПТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАП ҚАЙТТЫ

50 ЖЫЛ ОТАСҚАН ЖҰПТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАП ҚАЙТТЫ

50 ЖЫЛ ОТАСҚАН ЖҰПТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАП ҚАЙТТЫ

Наурызнаманың төртінші күні – Шаңырақ күні. Қазақ халқында «Шаңырақ» ұғымының орны бөлек. Шаңырақ – қазақтың киесі, берекенің нышаны, тұрақтылықтың үлгісі. Шаңырақ күні сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық, ата-анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған.

Шаңырақ күні аясында аудан әкімі А. Абдинов отасқандарына 50 жыл толған үлгілі жұптар Үшарал қаласының тұрғындары Жеңіс Жұманов пен Зайра Сайранова, Екпінді ауылдық округі, Қарлығаш ауылының тұрғындары Серік Самарханов пен Ғалия Самарханованы арнайы барып мерекемен құттықтап қайтты.

Аудан әкімі ата-әжелеріміздің шаңырақтарына құт-береке, молшылық тілей отырып, гүл шоқтары мен арнайы дайындалған мерекелік себетті сыйға тартты. 50 жыл отасқан қариялар басынан өткен қызықты оқиғаларымен, рухани әңгімелерімен бөлісіп, ақ батасын берді.