КӨРІСУ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

КӨРІСУ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

КӨРІСУ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. «Жаңа жасыңмен», «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен  жетуіңмен!» деген сынды тілектерін айтып, бір- бірімен көрісіп шығады.

Наурыз мерекесінің алғашқы бастауы көрісу күні З. Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде кең көлемде тойланды.

Жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтаған аудан басшысы А. Абдинов бүгінгі көрісу күнінің мағынасына тоқталып, әр шаңыраққа құт-береке тіледі. Сондай-ақ, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Жайыл Абдрахманов ақсақал ізгі тілегін жеткізе отырып, ақ батасын берді.

Мерекелік жиынды аудан өнерпаздары әсем ән шырқап, ұлттық домбырамен күй шертсе, арнайы қонақтар үшін аудандық кітапхана ұжымының көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, бұл күні ауданымызға қарасты қала, ауылдық округтердің бәрінде тақырып мазмұнын аша түсетін игі шаралар ұйымдастырылды.