ЖАСТАР ЖАЛАУ ЕТКЕН ЖАЙДАРМАН
Жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы көпшіліктің сүйіп көретін және сүйіп ойнайтын әзіл алаңы. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы. Егемендік пен тұрақтылықты ту етіп, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан сайыс – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.
Осыған орай, бүгін аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің тапсырысы аясында Алакөл еріктілері «Нұрлы Жастар» ЖҚБ ұйымдастыруымен З. Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде «Жастар жалау еткен жайдарман» атты әзілқойлар мен тапқырлар сайысы өтті.
Шарада 6 команда сәлемдесу, биатлон және үй тапсырмасы кезеңдері бойынша өнерлерін көрсетіп, бақ сынасты.
Қызықты өткен жайдарман ойындарының қорытындысы бойынша, 1 орынды Қабанбай ауылы О. Молдағожин орта мектебі оқушылары «Жайдарлы жастар» командасы, 2 орынды Жанама ауылдық округінен «4 жарты» командасы және 3 орынды Бескөл ауылдық округінен «Темір тентектер» командасы иеленді. Сондай- ақ, бірнеше ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік әнмен әрлеуші», «Үздік көрермен көзайымы» номинациялары табыс етілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және қаржылай сертификаттармен марапатталды.