СЕНБІЛІК- ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Аудан шырайын шұғылалы ету мақсатында бүгін аудан бойынша жаппай “Таза Алакөл” атты сенбілік өткізілді.
Сенбілікте тазалықты жанына серік еткен аудандық бөлім, мекеме ұжымдары, білім беру ұйымдары, кәсіпорындар мен аудан тұрғындары ерекше белсене ат салысты.
Сенбілікте мекеме, жеке тұрғын үй аулалары және қала ішіндегі 29 шақырым су арықтары мен 220 шақырым автожолдар айналасы қоқыстан тазартылды.
Шараға аудан бойынша 2860- қа жуық адам, 64 арнайы техника жұмылдырылып, 136,9 тоннадан аса қоқыс шығарылды.
Елді- мекендерге ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары қазан айының аяғына жоспарланған.
Сенбіліктер - тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.
Тазалықты өзімізден бастайық!