ЖАЙДАРМАНҒА АПАРАР ЖОЛ

ЖАЙДАРМАНҒА АПАРАР ЖОЛ

ЖАЙДАРМАНҒА АПАРАР ЖОЛ

Жастар арасында жайдарман ойынын дамыту, құқық бұзушылық, жат мінездердің алдын- алу, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, ой қабілетін дамыту, өмірге деген позитивті көзқарасын ұлғайту жұмыстары бойынша көптеген игі іс- шаралар қолға алынуда.

Осыған орай, бүгін ардагерлер үйінде жайдарман ойындарына ауданымыздың намысын қорғайтын команда құрып, республикалық деңгейге жеткізу мақсатында облыстық Жетісу жайдарман филиалының директоры М. Жұмабаев және «Шапалақ» жайдарман тобының капитаны О. Серікбайдың қатысуымен «Жайдарманға апарар жол» атты семинар- тренинг өтті.

Жиынға ауданымыздың білім беру мекемелерінен оқушылар және аудан, қала округтерден жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар барысында жайдарман ойнаудың ережелері, сахна мәдениеті, сценарий жазу, ойыншыларға қойылатын талаптар, әуен қою және әзіл жазып үйрену секілді ақпараттарын ортаға салып, қатысушылар жеке ой пікірлерімен бөлісті.