Аудан әкімі А.Абдиновтың 1 қыркүйек - білім күніне арналған құттықтауы

Аудан әкімі А.Абдиновтың 1 қыркүйек - білім күніне арналған құттықтауы

Аудан әкімі А.Абдиновтың 1 қыркүйек - білім күніне арналған құттықтауы

Құрметті ұстаздар, қымбатты ата-аналар, оқушылар!

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Білім - игілік пен бірліктің, бақыт пен бақтың, байлық пен дәулеттің негізгі көзі. Жаһандық бәсекелестік өршіп, адамдар бір бірінен білектің емес білімнің күшімен озатын заман туды.
Білім ордаларының есігін айқара ашып, шәкірттерді білім нәрімен сусындатар оқу жылын бастайтын бүгінгі мерекенің орны ерекше. Әсіресе, бүгін, мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттайтын бүлдіршіндердің жүрегінде осы күннің сәттері мәңгіге сақталмақ. Ал ұстаздар үшін жаңа бастамалар мен ізденістердің, жаңа идеялар мен тың өзгерістерді меңгеретін кезең де осы күннен бастау алмақ.
Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы – рухы асқақ, өрісі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында. Бүгінгі таңда Қазақстан әлем алдында беделі зор мемлекетке айналды. Осының бәрі білімге деген құштарлықтың, елге деген сүйіспеншіліктің арқасы.

Құрметті қауым!

Жаңа оқу жылы әрқайсысымызға жаңа нәтижелер мен көптеген қуаныштар әкелсін!
Ұстаздардың еңбегі жемісті, ал ата-аналардың жүректері сүйікті балаларының жетістігіне деген мақтанышына толы болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, берекеміз бен мерекеміз арта берсін!