АЛАКӨЛДІК ЖАС ӘНШІ
Алакөлдік жас әнші Ерасыл Інібек Алматы қаласында өткен 29 республикалық «Жас Қанат» жас орындаушылар байқауына қатысып, дипломат атанып, жер жәннаты Жетісу облысы мен айдынды Алакөл ауданының абыройын асқақтатып, биік белестерді бағындырды.
Осыған орай, З. Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары М. Төлеужанов, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен мәдениет қызметкерлерімен жас әншімізді күтіп алу рәсімі өтті.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары жас әншімізді үлкен жеңісімен құттықтай отырып, ақ жарма жылы лебізін білдірді. Сондай- ақ, Ерасыл Інібектің шығармашылық ұстазы А. Уәлиевна да қуанышын әдемі тілектерімен жеткізді.
Алакөл ауданының мәдениеті мен өнер саласына сүбелі үлес қосып, өнерлі жастарға үлгі болып және кең диапазонды лирикалық дауысымен тыңдармен жүрегінен орын таба білді.
Өнердің ұшар басында әр кез жарқырап, шабытыңыз арта берсін!