ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламенттің кезекті сессиясында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан Халқына Жолдауын арнап, «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс.»- деп атап өтті.
Осыған орай, бүгін Алакөл ауданында мемлекет басшысының саясатын іске асыру, жергілікті жерде оны насихаттау мақсатында білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ауданның белсенді жастары мен тұрғындары арасында «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» «Біз біргеміз» атты форумы өтті.
Форумда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболатов Сатай Нұрмұқашұлы, аналар кеңесінің мүшесі Жұманова Зайра Сайранқызы, Алакөл газетінің редакторы Есенбеков Алмат Асхатұлы, М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрғалиева Меруерт Бекентайқызы баяндама оқыды.
Форумды қорытындылау мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Г.Базылханова форумның қарарымен таныстырды.