Алакөлдіктерде сайлауда белсенділіктері жоғары

Алакөлдіктерде сайлауда белсенділіктері жоғары

Алакөлдіктерде сайлауда белсенділіктері жоғары

Алакөл ауданында сайлаушылардың белсенділіктері өте жоғары болуына байланысты ауылдар арасында такси қызметі сайлаушы азаматтарды тегін тасу ниеттерін білдірді. Бұл қадам такси қызметшілерінің саяси сауаттылығын көрсетеді. Аталған қызмет түрі Алакөл ауданының Әлемді, Бұдыр елді мекендерінен Көлбай ауылындағы сайлау учаскесіне, Жамбыл елді мекенінен Қабанбай ауылындағы №76 сайлау учаскесіне, Қаратұма ауылынан Бұлақты ауылындағы №62 сайлау учаскесіне, Достық ауылының 7-8,10 шағын аудандарынан № 1049 сайлау учаскесіне және Үшарал қаласының МТФ – 3 елді мекені, 20-60 пәтерлі тұрғын үйлерден тағы да басқа учаскелерге қатынайтын тұрғындарды тасымалдайды.

Айта кетсек, Алакөл ауданында 24 ауылдық округ, 56 елді мекен бар. Онда халықтың саны 73 мыңға жуық болса, сайлаушыларды саны 44696 адамды құрайды. Алакөл ауданында 54 сайлау учаскесі бар. Оның 5-уі жабық (40398 әскери бөлімі және ҚР ҰҚК шекара қызметінің заставалары), 49 ашық сайлау учаскелері.