Көрісу күні- қазақ халқының ежелден сақталған дәстүрі. Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те атайды.

Көрісу күні- қазақ халқының ежелден сақталған дәстүрі. Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те атайды.

Көрісу күні- қазақ халқының ежелден сақталған дәстүрі. Бұл күнді «Амал мерекесі» деп те атайды. Адамның адаммен, жылдың жылмен, қауышқан шағы. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Көрісу күні қазақ халқы бір- бірінің үйіне барып, өкпе- реніштерін ұмыт қалдырып, бір- біріне жақсы, жылы лебіздерін білдіріп жатады. Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлаған.

         Осыған орай, аудандық Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде мерекелік ақ дастархан жайылып, өңіріміздің белсенді ардагерлерін көрісу күнімен құттықтады.

         Аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов белсенді ардагерлерімізбен іс- шараға жиналған құтты қонақтарымызға ақ жарма жылы тілектерін білдіріп, бұл мерекенің тарихына тоқталып, қазақтың салт- дәстүрлерінен сыр шертілді.

Құрметті қонақтар ақ басына жиналып батасын беріп, 7 түрлі дәмнен дайындалған наурыз көжеден дәм татты.

Сонымен бірге, ауданымыздың өнерпаздарыда қалыс қалмай қазақтың қара домбырасымен әдемі күй жырлап, әсем ән шырқады.