1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, рухына тағзым етілді.
Бүгін Үшарал қаласы, Даңқ аллеясында орналасқан Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған стеллаға аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужановтың қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Шараға аудандық бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, білім беру мекемелері мен желтоқсандықтар қатысты.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.
Еліміз үшін армандардың асқары, барлық бақыттың бастауы болған ұлы мереке — Тәуелсіздік күні құтты болсын!
--