Спорт – бақытқа бастар жол!

Спорт – бақытқа бастар жол!

8 желтоқсан 2022 жылы Алакөл аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен Пробация қызметі бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және Спорт бөлімі бірлесе отырып пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған азаматтар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің жастары» атты спартакиядалық жарыс өткізілді.

Спартакиада  мемлекеттік гимінменмен ашылып, «Аманат» партиясының хатшысы Қ.Көкебаев жарысқа қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп сәттілік тіледі.

Спартакияда спортық ойынның 5 түрінен өтті. Өткен тартысты сайыста есепте тұрған сотталғандар арасынан құралған командамен ұйымдастыру, жарыста оза шауып бәйге алу мақсат емес, негізігі мақсат пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған азаматтарды психологилық және моральдық жағынан көтермелеу, олардың бойындағы қалыптасқан «мен сотталған азаматпын» деген ойдан арылту, қоғамға қайта оралуы, жасаған қателіктерін түсініп, жақсы жолға түсуге мүмкіндігі бар екенін көрсету.

Бұл күні барлық қатысушылар марапатталды. Алакөл аудандық прокуратурасының прокуроры М.Алмасұлы және Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Т.Қабылқанов команда капитандарын және жарысқа белсене қатысқандарды марапаттап, қатысқандары үшін ыстық ықыласын білдірді. Ойын соңында Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы А. Канабеков жарысқа қатысушыларға өз тілегін білдіріп, Тәуелсіздік күні мерекесімен құтықтады.

 

Алакөл аудандақ

ПҚБ-нің  бастығы

әділет майоры    Канабеков А.У.