Астана — еліміздің жүрегі, Отанымыздың тірегі.

Астана — еліміздің жүрегі, Отанымыздың тірегі.

Астана күні ел тарихындағы Ұлы жеңістің бірі.
Осындай айтулы күндегі мерекелік шара Алакөл ауданында «Астана» саябағында «Астана — еліміздің жүрегі, Отанымыздың тірегі» тақырыбында аталып өтті. Ең алдымен келген қонақтар Астана туралы баяндалған «Ұлтымыздың бақ ордасы — Астана» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасады.
Алаңға аудандағы өнер иелерінің «Астана» тақырыбында салынған сурет көрмесі орналастырылып, «Баба жолы» шеберханасының ұлттық бұйымдары халық назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, шарада аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен
оқушылар арасында «Еңселі Елорда балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Сурет салу байқауының үздігі атанған жеңімпаздарға Алғыс хаттар табыс етілді.
Мерекелік іс-шарада патриоттық әндер айтылды. З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі мен Үшарал балалар шығармашылық орталығының өнерпаздары орталық алаңды әсем әнге бөлеп, аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.