Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асыру негізінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің құндылығын арттыру, Қазақстанның аса көрнекті еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сәкен Иманасовтың шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру мақсатында «...Ар алдында мен өзімді әрдайым, дар алдында тұрғанда-ақ сезінем» атты аудандық ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Бүгінгі кеш Алакөлдің айбынды азаматы, Ұлт мақтанышы, даңқты жерлесіміз Сәкен Иманасовтың шығармашылығын дәріптеуге арналды.
Байқауға аудан бойынша барлығы 11 жас ақын қатысып, бақтарын сынады.
Қатысушылар 2 кезең бойынша:
1. Ұлт мақтанышы Сәкен Иманасовқа арнау шығарып (бұрын еш жерде жарияланбаған) мәнерлеп жатқа айту;
2. Ақынның бір өленің оқу кезеңдері бойынша өнер көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені — Ынталы а/о Ниазбек Балғын, І орынды — Ырғайты а/о, Көктұма қазақ ОМ Кәмеш Ақбота Есенқызы,
ІІ орынды — Жанама қазақ ОМ Сейдіғалымова Жалын Айдынқызы мен Архарлы ОМ Нүркенұлы Мұхаметқали,
ІІІ орынды — Бескөл а/о Д.Қонаев атындағы ОМ Ерәлі Назерке, Достық ОМ Бекшатаев Бағлан Ерланұлы және Қабанбай №1 ОМ Тыныбай Айман иеленді.
Жеңімпаздар мен қатысушылар аудан әкімінің дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.