Аудандық жастар ресурстық орталығының және Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен Тентек өзені жағалауында «Таза өзен – таза жағалау» экологиялық акциясы өткізілді.

Аудандық жастар ресурстық орталығының және Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен Тентек өзені жағалауында «Таза өзен – таза жағалау» экологиялық акциясы өткізілді.

" Акция барысында күл–қоқыстарды жинап, барлық жиналған қоқысты арнайы полигонға шығардық," – деді аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі М.Жексенбай.

Акцияның басты мақсаты–өзен жағасын тазалау және санитарлық тәртіпті сақтау, сондай–ақ қоршаған ортаға қамқорлық танытуды насихаттау болып табылады. Атқарылған жұмыстарға орталық қызметкерлерден бөлек, Алакөл гуманитарлық – техникалық колледжінің студенттері және Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы мен  БАҚ өкілдері қатысты.

Артынша ұйымдастырушылар акцияға қатысқан жастарға қоршаған ортаны аялау мен табиғатты қорғауда  белсендік көрсеткендері үшін алғыс  білдірді.