Алакөл ауданында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 7 мамыр — Отан қорғаушалар күніне орай З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әскер — Тәуелсіздік тірегі, ел қорғаны» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.

Шара шымылдығы сахнаға Мемлекеттік Тудың көтерілуімен бастау алды.
Шарада алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Алмас Абдинов аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, қызметте қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар әскери қызметкерлерді арнайы Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.

Әскери қызметкерлердің атынан 40398 әскери бөлімінің 2 мотоатқыштар батальоны отпен қолдау ротасының командирі ұлан аға лейтенанты Ақжігіт Маратұлы құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебізін білдірді.

Шара соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер айтып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.