«Білім беру ұйымдарында дәстүрлі рухани құндылықтар қоғам тұрақтылығының кепілі»

«Білім беру ұйымдарында дәстүрлі рухани құндылықтар қоғам тұрақтылығының кепілі»

Білім беру мекемелерінің бітімгерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру, жастар арасында Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлеріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру, балалар мен жастарды отбасылық құндылықтар, еңбексүйгіштік және мақсаттылық рухында тәрбиелеуге бағыттау мақсатында «Білім беру ұйымдарында дәстүрлі рухани құндылықтар қоғам тұрақтылығының кепілі» атты кездесу өткізілді.

Шарада Талдықорған орталық Иман мешітінің ұстазы Х.Табарак, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.Садиев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Дүйсебаева, аудандық мәслихат депутаты, «Алакөл» газетінің бас редакторы, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі А.Есенбеков толық мағлұмат беріп, пікірлерімен бөлісті.

Шараға мемлекеттік және бюджеттік мекемелер басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, Алакөл ауданының ақпараттық -  насихаттау тобының мүшелері, білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих және дінтану пәнінің мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары колледж білімгерлері мен жастары, Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және жастар қатысты.