ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі А.Абдиновтың қатысуымен  жыл қорытындысы бойынша салтанатты жиын өткізілді. Шарада аудан әкімі ауданның әр саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан азаматтарға «Жыл үздігі» номинациясын табыстады.

Үздіктер қатарынан «Жыл әкімі» аталымы бойынша Екпінді ауылдық округінің әкімі – Әділхан Кәкенұлы, «Үздік мекеме» номинациясы бойынша Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің директоры – Ербол Кәрімұлы, «Жыл кәсіпкері» номинациясымен «Диана» ЖК басшысы - Асхат Әленханұлы, «Үздік кәсіпорын» номинациясымен «КазСуШар» РМК Алматы облысы филиалы Алакөл ауданының өндірістік учаскесінің директоры – Алмас Шантуов, «Жыл басшысы» номинациясымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Айнагүл Тұрсынбайқызы, «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» номинациясымен «Алакөл-Райхан» ЖШС басшысы – Абеуғали Құсанұлы, «Туризм саласының үздігі» номинациясымен «Comfort» ЖШС директоры – Дәурен Тілеубекұлы, «Мәдениет саласының үздігі» номинациясымен аудандық З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің «Үшарал халық театрының» режиссері – Әділғазы Иманқожаұлы, «Білім саласының үздігі» номинациясымен Достық орта мектебінің биология пәні мұғалімі – Марал Қасымжанқызы, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» номинациясымен аудандық орталық ауруханасының анестезиолог дәрігері – Талғат Даулетұлы, «Үздік спортшы» номинациясымен Әлем чемпионы – Батыр Нұрлығалиұлы, «Үздік шебер» номинациясымен қолөнер шеберлер одағының мүшесі, «Baba Joly» шеберханасының негізін қалаушысы – Ертай Өміртаев, «Үздік әскери бөлім командирі» номинациясымен ҚР ҰҚК Шекара қызметі басқармасының командирі – Рауан Сыдықжанұлы, «Қаржы саласының үздігі» номинациясымен аудандық қазынашылық басқармасының басшысы – Анар Өмірзаққызы және «Ақпарат саласының үздігі» номинациясымен аудандық «Алакөл» қоғамдық – саяси газетінің редакторы – Азат Мәкетайұлын құттықтап, арнайы диплом мен мүсіншелер табыстады..
         Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты.